Теннис
1 мин оқу 210

Елена – екінші кезеңде

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Бейжің&shy;де өтіп жатқан теннистен әйелдер арасындағы WTA 1000 турнирінің екін&shy;ші айналымына жолдама алды.</p>

Елена – екінші кезеңде

Жерлесіміз аталған бәсекенің алғашқы кезеңінде биылғы Азия ойындарының жеңімпазы, әлемдік рейтингте 23-орында тұрған қытайлық Синвэнь Женмен ше­берлік байқасып, қарсыласын екі сетте еш қиын­дықсыз қапы қалдырды. Бірінші партия­да Рыбакина екі брейк жасап, 6:1 есебімен жеңіске жетсе, екінші сетте де сол қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 6:2.

Өкінішке қарай, Юлия Путинцева екінші кезеңде әлемнің 10-ракеткасы франциялық Каролин Гарсиядан жеңіліп, жарысты ерте аяқтады. Алғашқы сетте Каролин мықтылық танытқанымен (6:3), екінші партияда Юлия дәл сондай есеппен қарымта қайтарған-ды – 6:3. Дегенмен шешуші сетте франциялық теннисші бір брейк жасап, бәсеке тағдырын өз пайдасына шешті – 6:3.

Бөлісу:
Елена – екінші кезеңде · Egemen Qazaqstan