Абай
2 мин оқу 530

Абай шығармалары – әзербайжан тілінде

<p style="text-align: justify;">Астанада Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорымен бірлесіп, Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған, әзербайжан тіліндегі &laquo;Abay Azarbaycanda va d&uuml;nyada&raquo; атты жинақтың тұсаукесерін өткізді.</p>

Абай шығармалары – әзербайжан тілінде

Іс-шараға Қазақстан мен Әзербай­жанның мемлекет және қоғам қай­рат­керлері, түркітілдес елдердің дип­ло­матиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдарының басшылары, ғалымдар, жазушылар, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Басылымда ұлы ойшылдың туындылары, оның өмірі мен шығармашы­лығы туралы мақалалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта Абай ескерткіштері мен мүсіндері туралы ақпарат беріл­ген. Басылымның таралымы 500 дана. Соны­мен қатар жинақтың электронды нұсқасы да жаппай оқырман үшін қолжетімді.

ав

Қазақстан Республикасы Прези­дент­тік орталығы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова Абай Құнан­бай­ұлы­ның есімі қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі әлемінің мәдени мұра­сына алтын әріптермен жазылғанын жеткізді.

Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Гюнай Эфендиеваның айтуынша, Қордың кезекті баспа жобасы саналатын бұл жинағында Әзербайжандағы Абай шығармашылығына деген терең сүйіс­пеншілік пен құрмет көрініс тапты.

Өз кезегінде Халықаралық Түркі академиясының президенті Шаһин Меджид оглы Мұстафаев ұлы философ, ағартушы Абай шығармалары осы күнге дейін өзек­тілігін жоғалтпаға­нын ерекше атап кетті. Керісінше, оның мұрасы одан да мұқият және терең зерттеуді қажет ете­ді, өйткені онда түр­кі халықтарының ға­сырлық дана­лығы тұнып тұр.

Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Агалар Рагим оглы Атамогланов ұлы ақынның шығармашылығындағы қазіргі қоғамда өте өзекті саналатын гуманизм және адамгершілік идеяларына тоқталды.

Іс-шара соңында Қазақстан Респуб­ликасының Президенттік орталығы мен Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қоры арасында меморандумға қол қойылды. Бұл құжатқа қол қоюдағы басты мақсат – түркі мәдениетінің даму тарихын зерделеу бойынша бірлес­кен мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруда тығыз ынтымақтастық орнату.

Бөлісу:
Абай шығармалары – әзербайжан тілінде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар