Спорт
1 мин оқу 193

Кавендиш «Астанада» қалады

<p style="text-align: justify;">Ұлыбританиялық әйгілі велошабандоз Марк Кавендиш тағы бір маусым &laquo;Astana Qazaqstan Team&raquo; командасында өнер көрсететін болды. Бұл туралы велоклубтың баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Кавендиш «Астанада» қалады

Биыл жыл басында біржылдық келісім­шартпен «Астана» жейдесін киген велоспорт тари­хындағы ең үздік спринтердің бірі ­Марк Кавендиш мамыр айындағы «Джиро ­д’Ита­лия» Гранд-турынан кейін жыл со­ңын­да карье­ра­сын аяқтайтынын мәлімдеген ­еді. Бірақ күні кеше «Astana Qazaqstan Team» велокоман­да­сы­ның бас менеджері Александр Виноку­ров Марк Кавендиш келісімге келгенін мәлім­деді. Сөйтіп, британиялық велошабандоз ­2024 жылдың соңына дейін «Астана» ­сапында ­өнер көрсетеді.

Биыл Марк Кавендиш елордалық коман­даның құрамында бірнеше додаға қатысып, үш бірдей жарыстың жүлдегері атанған-ды.

Бөлісу:
Кавендиш «Астанада» қалады · Egemen Qazaqstan