Аймақтар
1 мин оқу 171

Алматы облысында терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталды

<p style="text-align: justify;">Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полиция органдарымен әрекеттесе отырып, терроризмді интернет желісі арқылы насихаттаған Алматы облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Оның тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.    

Сондай-ақ ұсталған адам бұған дейін жалпы қылмыстық қылмыстар жасағаны үшін сотты болғаны анықталды. 

Бөлісу:
Алматы облысында терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталды · Egemen Qazaqstan