Спорт
1 мин оқу 280

Алтын медаль қайта арманға айналды

<p style="text-align: justify;">Жәмила Бақбергенова Қытайдың Ханчжоу&nbsp; қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарында&nbsp; күміс медальді місе тұтты. Финалға дейін қарсыластарын айқын еңсерген&nbsp; ол алтын медаль үшін&nbsp; белдесуде қырғыз балуаны Айпері Медетқызына 7:4 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алтын медаль қайта арманға айналды

Жәмиланың күміс медалін қомсынуға әсте болмайды. Өйткені ол 72 келіден бірден олимпиадалық салмақ 76 келіге ауысты. Жаңа салмақта финалға шығу да аз табыс емес.  Бастысы Жәмила олимпиадалық салмақта да өзінің әлеуетті балуан екенін дәлелдей білді.

Қыздар арасында  Азия чемпионатында үш дүркін чемпион атанған  тұңғыш балуан осы Жәмила Бақбергенова.

Өкінішке қарай, жазғы Азия ойындарында қыздарымыз тағы да алтын медальсіз қайтты. 

Бөлісу:
Алтын медаль қайта арманға айналды · Egemen Qazaqstan