Мирас
2 мин оқу 620

Батагөйлер байқауы

<p style="text-align: justify;">Ұлытау өңірінде алғаш рет бата беру байқауы ұйымдастырылды. Ардагерлер кеңесі бастап, Мәдениет, тілдерді да&shy;мы&shy;ту және архив ісі басқармасы қоста&shy;ған бұл шара алдымен аудан, қала&shy;ларда болып өтті. Сол сайыстарда жеңіп шық&shy;қан 12 батагөй &laquo;Батаменен ел көгерер&raquo; атты облыстық додада бақ сынасты.</p>

Батагөйлер байқауы

Ұлытау облысының мəдениет, тілдерді дамыту жəне архив ісі басқармасының басшысы Әнуар Омар құттықтау сөзінде халқымыздың бата беру салтының қадір-қасиетіне тоқталды.

– «Батаменен ел көгерері», «Баталы ер арымас» сияқты бір батаға ғана орай ондаған, жүздеген баға берген ұлтымыз сөздің құдіре­тін керемет ұғынғаны, білгені таңдандырмай қоймайды, деп сайысқа қатысушыларға сәтті­лік тіледі.

Әрбір қатысушы екі тақырыпты қамтыған бата мен өсиет тілегін ортаға салды. Жергілікті өнерпаздардың ән-күйлері мен билері шараның шырайын одан әрі аша түсті.

Қазылар алқасының ұйғаруымен Қаражал қаласының ақсақалы  Жарқынбай Жетімек бас жүлде – 300 мың теңге ақшалай сыйлық пен дипломға ие болды. Бірінші орын жезқазған­дық Қуанышбек Нарбаев, 2-орын Жаңаарқа ауданының өкілі Берген Қожамұратов, 3-орын Сəтбаев қаласының батагөйі Əділбек Қасымов ақсақалдарға бұйырды. Ұлытау ауданы Қаракеңгір ауылынан келген Сайлау Бала­панұлы «Egemen Qazaqstan» газетіне келесі 2024 жылға тегін жазылатын болды.

– Батагөй қарияларды бағалау кезінде олар­дың өздерінің шығарған бата, тілегіне мән бердік. Өйткені бір ауыз болса да бұрын ел естімеген жаңа әрі жағымды бата – байқаудың олжасы ғой, дейді қазылар алқасының төр­ағасы, «Ақпарат саласының үздігі», ардагер-журналист Амандық Рахұлы.

Облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағындық Қожамсейітов өнегесі мол мұндай іс-шараны өткізуді дәсүрге айналдыру туралы  бастама көтерді. Көпшілік бұл ұсынысты қуана құптады.

Ұлытау облысы 

Бөлісу:
Батагөйлер байқауы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар