Үкімет
1 мин оқу 181

Республикалық бюджет жобасы қаралды

<p style="text-align: justify;">Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен орталық мем&shy;лекеттік орган және өңірлердегі атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.</p>

Республикалық бюджет жобасы қаралды

Жиынға қатысушылар үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы бойынша депутаттардың ұсынған түзетулерін талқылады.

Кеңес барысында бюджет­тік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдарға Үкіметпен келісілген ұстанымдарды депутаттық корпуспен пысықтау тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Парламент Мәжілісінде «2024-2026 жылдарға арналған республика­лық бюджет туралы» Заң жобасы тал­қыланып жатыр. Талқылау қоры­тындысы бойынша салыстырмалы кес­те құрылып, күн сайын депутаттардан ұсыныстар түсуіне қарай жаңартылып отырады.

Бөлісу:
Республикалық бюджет жобасы қаралды · Egemen Qazaqstan