Пікір
1 мин оқу 265

Достық пен ұғынысу алаңы

<p style="text-align: justify;">Бірлік пен берекеге шақыру &ndash; қазақ халқының қанында бар қасиет. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз адамның кемелдікке жетуі үшін төрт шартты атап өткен. Олар &ndash; кеңістік, уақыт, бауырмалдық, өзара ынтымақтастық. Міне, осы құндылықтар болған кезде қоғам да, адам да бақытты болады.</p>

Достық пен ұғынысу алаңы

Әлемдік және дәстүрлі дін лидер­лері съезі діни достық пен өзара түсіністікті дамытудың таптырмас алаңы болғаны анық. Мұндай халықара­лық деңгейде өткен жиынның елімізде ұйымдастырылуының өзіндік мәні бар. Бұл туралы кездесуге қатысушыларға арнаған үндеуінде  Мемлекет басшысы да атап өтті. Президент съездің өткізілуі – еліміз бен бүкіл әлемде диалог пен ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін Қазақстан саясатының маңызды бағыты екенін айтты.

Жер бетіне бейбітшілік пен берекелі өмірді орнату – барша адамзаттың ортақ ниеті. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас­шылары съезі хатшылығының ХХІ оты­рысына келген барлық дін өкіл­дері осын­дай ортақ мақсаттар жолында күш біріктіруге, терроризм мен дінді теңестіру­ден бас тартуға, бейбітшіліктің құндылығын насихаттауға, бұқаралық ақпа­рат құралдарында, әлеуметтік желілер мен қо­ғамдық жиындарда өзара түсіністік пен сый­ластықты дәріптеуге, сондай-ақ бар­лық діннің құлшылық жасау орындары мен киелі жерлерінде арандатушылық пен бүлік­терді болдырмауға келісті. Осындай ортақ мәселелер барша дін өкілін рухани тұр­ғыдан біріктірді және елімізде әр үш жыл сайын өтіп келе жатқан Әлемдік және дәс­түрлі дін көшбасшыларының съезін ұйым­дас­тырудың маңызын тағы да дәлелдеді.

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,

Бас мүфти 

Бөлісу:
Достық пен ұғынысу алаңы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар