Пікір
1 мин оқу 190

Өркениеттер бас қосқан алаң

<p style="text-align: justify;">Қазақ елінің бастамасымен ұйымдастырылған бұл іс-шараның маңызы әлемдік деңгейде жоғары бағаланады. Бұл &ndash; халықаралық аренада танылған маңызды алаң. Саяси және діни қайраткерлер бас қосатын жер. Түрлі дін өкілдеріне осындай зор мүмкіндікті беріп отырған Қазақстанның басшыларына өркениеттердің басын қосқаны үшін алғыс айтамыз.</p>

Өркениеттер бас қосқан алаң

Біз Қазақстанның бұдан әрі де дінаралық және өркениетара­лық диалогті дамытуға үлесін қоса беретініне сенеміз. Қазір әлем бұрын-соңды болмаған қиындықты бастан кешіп жатыр. Мұнда ең басты міндет – Алла берген адам өмірін қорғау. Еуропада қасиетті Құран кітаптарының өртелуі алаң­дауымызға себеп болды. Бұл –сөз бостандығы деген желеу­мен жа­са­лып отырған жағдай. БҰҰ бұл әрекеттерді сынға алып, наразылығын білдірді. Біз бәріміз осындай арандатушылық істеріне қарсы бірауыздан өз үнімізді біл­діруіміз керек. Мен саяси көшбас­шылардан әлемді дінаралық қақ­тығыстардан, қатерлерден құтқару­ды сұраймын.

Шейх-уль Ислам Аллахшүкір ПАШАЗАДЕ,

Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы

Бөлісу:
Өркениеттер бас қосқан алаң · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар