Мәдениет
2 мин оқу 422

«Шырқа, даусым»

<p style="text-align: justify;">Он жылдан астам уақыт бұрын басталған, Кенен Әзірбаев әндерін ел ішінде кеңінен насихаттауға арналған республикалық &laquo;Шырқа, даусым&raquo; дәстүрлі әншілер байқауы биыл да жалғасын тапты. Он бірінші рет ұйымдастырылған додаға еліміздің әр қиырынан дәстүрлі әннің бастау бұлағынан сусындаған 18-35 жас аралығындағы жас таланттар қатысып, өнерін ортаға салды.</p>

«Шырқа, даусым»

Бір қуаныштысы, байқау басталған алғашқы жылдарға қарағанда қаты­сушылар Кенен Әзірбаев шығар­ма­ларына терең бойлай бастаған. Әуел­де жан-жақтан келген талантты өнерпаздар композитордың «Шыр­қа, даусым», «Көкшолақ», «Қай­ран жастық» секілді санаулы әнде­рін қайталап шырқап, көрерменді жа­лықтырып жіберетін. Ендігі көзқарас өзгеше. Әйтсе де, алдағы уақытта Ке­нен­нің орындалмай жатқан өзге де шығармалары қатысушылар назарынан тыс қалмаса дейсің.

«Дала фольклорының мың жы­лы» арнайы жобасын жүзеге асыру, қазақ­тың әйгілі халық ақыны, әнші, ком­позитор Кенен Әзірбаевтың шығар­машылығын жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған байқауға 26 дәс­түрлі әншінің қатысқанын айта кеткен жөн. Әр әншінің өз үні бар. Бастысы, олардың барлығы да үлкен дайындықпен келген. Содан да болса керек, Кенен шы­ғармаларын жүрекпен сезініп орындады.

ва

Республикалық байқау қорытын­дысында Алматы облысынан келген Нұрсұлтан Елемесов бас жүлдеге ла­йық деп танылып, 1 миллион теңге­нің сертификатына ие болса, жүл­делі бірінші орын Түркістан облы­сының үкілі үміті Мағжан Саты­балдыға бұйырды. Қазылар алқасының шешімімен қарағандылық Мадияр Өмірғали мен қостанайлық Жас­ұлан Өтемұратов екінші орынды иеленсе, үздік үштікті жамбылдық Аида Срайыл мен астаналық Алуа Бауыржанқызы түйіндеді. Сондай-ақ «Кенен ата» қоры тағайындаған арнайы жүлде жамбылдық әнші Мерей Абуеваға табысталды. Конкурс дипломанты атанған жеті қатысушы да қаржылай сыйлықтан құр қалған жоқ.

Іс-шара барысында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның 55 жылдығына орайластырылып, «Ән кемеңгері – Кенен» атты гала-концерт ұйымдастырылды. Оған есім-сойы елімізге белгілі эстрада жұлдыздары қатысып, әннен шашу шашты.

Бұл күні Баласағұн атындағы орта­лық концерт залына жиналған өнер­сүйер қауым Кенен Әзірбаевтың «Тік шырқау», «Шырқа, даусым», «Көк­шолақ», «Еңбекші елім», «Базар-Назар», «Жас екпін», «Мөртай сұлу», «Ел қуанышы» секілді өзге де әсем әндерін сан түрлі дауыс иелерінің шыр­қауында тыңдап, қошемет көрсетті.

Тараз 

Бөлісу:
«Шырқа, даусым» · Egemen Qazaqstan