Пікір
1 мин оқу 216

Әлемдік IT олимпиада Астанада өтеді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан жастары әлемдік олимпиадаларда топ жарып жүр. Бұл &ndash; мемлекеттің білім-ғылым саласын дамытуға ерекше көңіл бөлетінінің көрінісі.</p>

Әлемдік IT олимпиада Астанада өтеді

Қазақстан университет­тері Бағдарламалау бойынша сту­дент­тердің халықаралық олим­пиадасына (International Collegiate Programming Contest – ICPC) 25 жыл бойы қатысып келеді. Әлемдік деңгейдегі командаларыңыз үнемі олим­пиаданың финалына өте­ді. Айтпақшы, келесі айда Қазақ елінен 17 команда 2023 жылғы ICPC олимпиадасы­ның әлемдік финалындағы қос чемпионатта бақ сынайды. Жарыс Шарм-Эль-Шейх қаласында өтеді. Бұл – бір елден қатысатын командалар саны бойынша рекордтық көр­сет­кіш. Осыдан-ақ қазақ хал­қы­ның дарынды екенін аң­ғаруға болады.

Мен осы елдің Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мырзамен сөйлестім. 2024 жылы Астанада ICPC олимпиа­дасы­ның әлемдік финалын өткізе­міз деп шештік. Бұл идея­ны көпшілік қолдайды деп ой­лаймыз. Қазақстанға келіп, бұл жақта көп дүние жасалып жатқанын көрдік. Бұл жерді нағыз Техасқа баладым. Өйткені екі жақта да мал өсіру мәдениеті қалыптасқан. Қажеттіліктері де де ұқсас екен. Алдағы уақытта Қазақстан IT ғылымның шыңына шығып, нағыз цифрлық елге айналады деп сенеміз.

Уильям ПАУЧЕР,

ICPC қорының атқарушы директоры

Бөлісу:
Әлемдік IT олимпиада Астанада өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар