Елдің оңтүстігінде үсік жүреді
<p style="text-align: justify;">Алдағы үш күнде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде 1-3 градус аяз күтіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталықта, сондай-ақ оңтүстік-шығыс облыстардың таулы аймақтарында фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
16 қазанда Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын болады.
Республиканың батысында және оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Қазақстанда тұман түсіп, жел күшейеді.
Республиканың басым бөлігінде күндіз ауа райы 10-20 градусқа дейін жылы болады.
