Футбол
1 мин оқу 232

«Зенитке» жеңісті берген жоқ

<p style="text-align: justify;">Алматының &laquo;Қайрат&raquo; футбол клубы Орта&shy;лық стадионда Санкт-Петер&shy;бургтің &laquo;Зенит&raquo; клубымен жолдастық матч өткізіп, азулы қарсыласымен алғаш рет тең ойнады.</p>

«Зенитке» жеңісті берген жоқ

Ұлттық құрама ойындарына байланысты «Қайрат» пен «Зенит» қысқамерзімді үзілісті тиімді пайдаланып, жанкүйерлерге тамаша матч сыйлады. 20 мыңнан аса жанкүйер тамашалаған Орталық стадиондағы ойын тең есеппен аяқталды – 2:2. Аса тартысты өткен кездесудің есебін бірінші болып «Қайрат» футболшылары ашты. Ойынның 8-минутында «Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы Жоао Пауло гол соқса, 29-минутта қонақтар сапынан Александр Ерохин есепті теңестіріп кетті. Бірінші тайм 1:1 есебімен аяқталды.

Үзілістен кейін «Зениттің» бас бапкері Сергей Семак алаңға бразилиялық ойыншыларын шығарып, жеңіске жетуге тырысып көрді. Бірақ екінші таймдағы алғашқы голды да «Қайрат» футболшылары соқты. 70-минутта Офри Арад командасын есепте тағы да алға шығарғанымен, ресейлік команда матчтың аяқталуына бес минут қалғанда таразы басын қайта теңестіріп кетті. Бұл жолы Густаво Мантуан дәлдік танытты – 2:2. Осылайша, екі клуб арасындағы үшінші жолдастық кездесуде «Қайрат» бірінші рет «Зенитпен» тең ойнады. Мұның алдындағы екі матчта да «Зениттің» мерейі үстем болған еді.

Бөлісу:
«Зенитке» жеңісті берген жоқ · Egemen Qazaqstan