Қоғам
1 мин оқу 730

Нұрғиса Тілендиев жылы

<p style="text-align: justify;">Әзербайжанның Шуша қаласында ТҮРКСОЙ-дың Тұрақты кеңесінің 40-отырысы өтті. Оты&shy;рысқа ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, ұйымға мүше мемлекеттердің өкiлдерi қатысты.</p>

Нұрғиса Тілендиев жылы

Іс-шараға еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі атынан Мәдениет комитетінің төрағасы қатысты.

Кеңестiң қорытындылары бойынша Шуша декларациясына қол қойылды. Құжатта ұйымның негізгі даму бағыттары айқындалған. Сондай-ақ 2025 жылғы Түркі әлемінің Мәдени астанасы болып Ақтау қаласы бекітілді. Бұған қоса, ТҮРКСОЙ-дың атаулы жылдары аясында 2025 жыл – композитор, дирижер, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиев жылы болып жарияланды.

Айта кетейік, келесі жылы аңыз-тұлғаның ғасырлық мерейтойы атап өтіледі.

Бөлісу:
Нұрғиса Тілендиев жылы · Egemen Qazaqstan