Жарнама
 
Тағайындау
1 мин оқу 220

Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның бірқатар елдегі елшісі тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады · Egemen Qazaqstan