Елордада Республика күніне арналған концерт өтті
<p style="text-align: justify;">Астананың Бейбітшілік және келісім сарайында «Республика – ел тұғыры» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Республика күніне арналған іс-шара қазақ халқының салт-дәстүрін, әндерін, музыкалық аспаптарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

«Республика күні – көпұлтты халықтың бірлігінің, әрқайсымыздың туған жерімізге деген шынайы сүйіспеншілігіміздің белгісі. Біздің міндетіміз – тәуелсіздігіміздің негізі болып саналатын айтулы мерекені атап өту. Бүгінгі концерт халық арасында Республика күнінің мәртебесін арттырып, мерекенің тарихи маңыздылығын көрсетеді деп санаймын», деді елорданың Алматы ауданының әкімі Мақсат Саматұлы.
Іс-шараға елордалық шығармашылық ұжымдар қатысты. Олардың арасында «Самға» ансамблі мен «Алтын домбыра» аспаптық ансамблі бар.

