Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </p>

Қазақстан Президенті Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Іс-шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды. Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды.
Бүгін Республика күні мерекесіне орай еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.
