Футбол
1 мин оқу 210

Алғашқы ойында есе жіберді

<p style="text-align: justify;">Рудныйдың &laquo;Аят&raquo; футзал клубы Хор&shy;&shy;ватияның Омиш қаласында өтіп жат&shy;қан футзалдан Чемпиондар лига&shy;сының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойы&shy;нында жеңіліп қалды.</p>

Алғашқы ойында есе жіберді

Жерлестеріміз бірінші топта Порту­галия­ның «Спортинг», Хорватияның «Олмис­сум» және Украинаның «Хит» командаларымен сынға түсіп жатыр. Топтық сайыстың алғашқы турында Рудный командасы жер­гілікті «Олмиссум» клубымен кездесіп, аса тартысты өткен кездесуде қарсыластарына 3:2 есебімен жол берді.

Бірінші кезеңде алаң иелерінен Джереми Буковца мергендік танытып, командасын есепте алға шығарса, екінші кезеңді жерлестеріміз белсенді бастап, 25-минутта таразы басын теңестірді. Гол авторы – Луан Марсело. Өкі­нішке қарай, арада екі минут өткенде хор­ватиялық клубтың ойыншысы Антонио Секулич 47 секунд ішінде «Аят» қақпасына екі гол соғып, «Олмиссумді» есепте қайта алға шығарды – 3:1. 36-минутта «Аят» сапынан Лукас Ян есеп айырмасын қысқартқанымен, жерлестерімізге таразы басын теңестіруге уақыт жетпей қалды. «Аят» екінші турда «Спор­тингпен» кездессе, 28 қазанда «Хит» клубымен ойнайды. Топта алғашқы үш орынды иеленген командалар элиталы кезеңге жолдама алады.

Бөлісу:
Алғашқы ойында есе жіберді · Egemen Qazaqstan