Қоғам
1 мин оқу 400

Костенко шахтасындағы апат: Бас Прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Бас Прокуратураның <a href="https://t.me/GenPr/1983">баспасөз қызметі</a> мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Хабарламада: «Өткен түнде Қарағанды облысында Костенко шахтасындағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Қылмыстық Кодекстің 277-бабының 3-бөлігі)», делінген.

Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖМ мамандары енді. Тергеу жұмысын үйлестірушілер - Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен ІІМ министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев.

Еске салайық, бұған дейін Костенко шахтасында 11 кеншінің қаза болғанын хабарлаған едік.

Бөлісу:
Костенко шахтасындағы апат: Бас Прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады · Egemen Qazaqstan