Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> хабарлайды.</p>
«Қарағанды облысындағы И.А. Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 29 қазанда жалпыұлттық аза тұту жариялансын», делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімінде.
29 қазан күнгі сағат 09:00-де келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Костенко шахтасында көз жұмғандар саны 35-ке жетті.
Еске сала кетсек, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты Костенко шахтасынан өрт шықты.
Президент Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Бас Прокуратура аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында болған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысына барды.
29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.