Теннис
1 мин оқу 200

Қарсыластары анықталды

<p style="text-align: justify;">Мексиканың Канкун қаласында жа&shy;ла&shy;&shy;&shy;уы желбіреген WTA қорытынды тур&shy;ни&shy;рі&shy;нің жеребесі тартылып, Елена Р&shy;ы&shy;ба&shy;&shy;&shy;ки&shy;&shy;наның қарсыластары белгілі болды.</p>

Қарсыластары анықталды

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақ­стан­ның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Е.Рыбакина алғаш рет қатысып жатқан жарысында әлемнің 1-ракет­касы Беларусь Арина Соболенко, амери­ка­лық Джессика Пегула (5), грекиялық Ма­рия Саккаримен (9) бір топта сынға түседі. Екін­ш­і топта Ига Швентек (2), Кори Гауфф (3), Онс Жабер (7), Маркета Вондроушова (6) ой­най­ды.

Әр топтан үздік шыққан екі теннисші жартылай финалға жолдама алады. Жерле­сі­міз тұсау­кесер кездесуін бүгін таңда Д.Пегу­ла­мен өткізді. Екеуі бұған дейін үш рет шеберлік бай­қа­сып, екеуінде америкалықтың бағы жанған.

Бөлісу: