Пікір
1 мин оқу 220

Қайғыны бөліссе азаяды...

<p style="text-align: justify;">Қарағанды шахтасындағы қайғылы оқиға туралы естіп, бүкіл елмен бірге қабырғам қайысып отыр. &laquo;Тас түскен жеріне ауыр&raquo; дейді қазақ. Қаза тапқан кеншілердің отбасына Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері атынан, жеке өз атымнан көңіл айтып, қайғыларыңызға ортақпыз дегім келеді.</p>

Қайғыны бөліссе азаяды...

Қиындығы мол, қауіп-қа­терге толы шахтер еңбегінің бағасын өз басым жақсы бі­ле­мін. Өйткені сол Костенко атын­дағы шахтада бес жыл бойы про­ходчик болып еңбек еттім. Осы жағдайды жүрегіме жақын қабылдағаным да сондықтан шығар.

Оқиға орнына Мемлекет басшысы барып, халықпен кез­десті, шұғыл шешімдер қабыл­дауға нұсқау берді. Сондай-ақ Пре­зидент ешкімнің мемлекет қамқорлығынан тыс қалмайтынын нықтап айтты.  «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвес­тициялық ынтымақтастық тоқ­татылатын болды. Енді қарапайым халықтың жағдайын жасайтын жаңа инвестор келеді деп үміттенейік.

Елімізде 29 қазан – Жалпы­ұлттық аза тұту күні деп жария­ланды.  «Қайғыны бөліссе азаяды» дейді халық дана­лығы, ендеше жұдырықтай жұ­мы­лып, елдігімізді танытсақ, бұл қиын­­дықты да еңсеретініміз анық.

Мұхтар АЛТЫНБАЕВ,

Халық Қаһарманы, «Қазақстан Қарулы күштері ардагерлері» РҚБ төрағасы, армия генералы

Бөлісу:
Қайғыны бөліссе азаяды... · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар