Хоккей
1 мин оқу 160

«Торпедоның» бағы жанған күн

<p style="text-align: justify;">29 қазан күні &laquo;Барыс&raquo; өз мұзайдынында Нижний Новгородтың командасы &laquo;Торпедоны&raquo; қабылдап, 1:2 есебімен есе жіберді. Кездесу Қарағанды облысында қаза болған шахтерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алумен басталды.</p>

«Торпедоның» бағы жанған күн

Ойынның алғашқы кезеңі торпедо­лықтардың басымдығымен өтті. Алма-кезек шабуылдардың бірінде қонақтар сапынан Владислав Фирстовтың қанжығасы майланып, 15:34 секундта есеп ашты. Екінші кезеңде 6 500-ден аса жанкүйердің салы суға кетті. Себебі ойынның 26:40 секундын­да Егор Виноградов барыстықтардың қақпасынан саңылау тапты – 0:2.

Тек үшінші кезеңде ғана Батырлан Мұ­ратов (43:49 секунд) таразы басын қысқартып, үміт сыйлаған еді. Алайда одан кейін Ғалым Мәм­беталиев шәкірттері тағы да қарсыластар қақ­пасына шайба соғуға шамасы жетпеді. Қоры­тынды есеп 1:2, қонақтардың пайдасына шешілді.

Бөлісу:
«Торпедоның» бағы жанған күн · Egemen Qazaqstan