Байқау
1 мин оқу 350

Қолөнер шеберлері сынға түсті

<p style="text-align: justify;">Тараз қалалық әкімдігі мен ардагерлер кеңесінің бірлесе ұйым&shy;дастыруымен ардагер қолөнер шеберлері арасында байқау өтті. Іс-шараға қа&shy;ла&shy;дағы он саусағынан өнер там&shy;ған аға буын өкілдері қатысып, ту&shy;ын&shy;дыларын жиналған көп&shy;шіліктің назарына ұсынды.</p>

Қолөнер шеберлері сынға түсті

Тәуелсіздік жылдарында ұлт­тық құндылықтарымызды наси­хаттаудың зор мүмкіндігі туғанына ешкімнің күмән келтірмесі анық. Өлгеніміз тірілді, өшкеніміз қайта жанды. Ардагерлер арасында ұйымдастырылып отырған қолөнер шеберлерінің байқауы – соның жарқын мысалы. Бабалардан мирас болып қалған қолөнерді жастар арасында насихаттаудың маңызы зор екені айтпаса да түсінікті. Өйт­кені ұлттық құндылық ешқашан қалтарыста қалмауға тиіс. Біз сол құндылықтарымызды дәріптеуіміз ке­рек», деді іс-шараның ашылу сал­танатында сөз сөйлеген Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов.

аиа

Бейнелеу және сәндік қолдан­балы өнер бойынша сынға түскен ардагерлердің қай-қайсысының да еңбегі жоғары бағаға лайық. Содан да болса керек, ұйымдастырушылар бай­қауға қатысқандардың ешқай­сысының жұмысын назардан тыс қалдырған жоқ. Нәтижесінде, бай­қауда бақ сынаған ардагерлердің барлығына арнайы сыйлық табыс­талды.

ТАРАЗ 

Бөлісу:
Қолөнер шеберлері сынға түсті · Egemen Qazaqstan