Елорда
1 мин оқу 230

Кезекті көпір көлік қозғалысын жеңілдетеді

<p style="text-align: justify;">Астанадағы Тәуелсіздік даңғылының бойындағы жаңа көпір құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Әуелде ашылуы 30 қазанға белгіленген көпір, бір күн ерте &ndash; 29 қазанда ел игілігіне ұсынылды.</p>

Кезекті көпір көлік қозғалысын жеңілдетеді

Көпірдің әр тарапында төрт жолақ бар. Бүйірінде жаяу жүргіншілерге арнал­ған жолақтар мен веложол салын­ған. Көгалдандыру жұмысы көктемде аяқталады деп жоспарланып отыр.

Астана қалалық әкімдігінің хабарлауынша, көпірдің пайдалануға берілуі қала көшелеріндегі кептеліс көлемін біршама азайтады. Мәңгілік ел даңғылы – 20 пайызға, Сарайшық көшесі мен Ұлы дала көпірі кептелек жүгін 15 пайызға жеңілдетпек. Сондай-ақ Керей-Жәнібек хандар, Әл-Фараби көшелері және Ұлы дала даңғылы бо­йынша трафик жанданады.

Жаңа көпір Алматы мен Есіл аудандары арасындағы қосымша байланысты да қамтамасыз етеді. Көпірдің салынуы нәтижесінде сол жағалаудың Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылы­мен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынұлы, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен байланысы күшейіп, жол қозғалысы жедел әрі сапалы бола түспек.

Бөлісу: