Ауа райы
1 мин оқу 381
Алдағы үш күнде елімізде қар жауып, көктайғақ болады
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2-4 қараша аралығында елімізде қандай ауа райы болатынын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың солтүстік жартысында күн райы құбылмалы болады. Қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +3+10°С-тан -5+3°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан 0+8°С-қа дейін төмендейді.
Ал республиканың оңтүстік жартысында кең ауқымды антициклонға байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде -3+5°C, күндіз +10+17°C-тан +15+20°C-қа дейін көтеріледі.
Түнде және таңертең еліміздің барлық аумағында тұман түседі.
Бөлісу:
