Білім
1 мин оқу 342

Елімізде қазақ-француз университеті ашылады

<p style="text-align: justify;">Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде қазақ-француз университетін ашу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

«Бүгін Мемлекет басшылары арасында Қазақстанда қазақ-француз университетін ашу туралы мәлімдеме жасалады», деді Саясат Нұрбек Ақордада.

Оның айтуынша, университет Қазақстан-Герман университетіне ұқсайтын болады. 

«Біз бұл мәселені зерттейтін жеке жұмыс тобын құрамыз. Сондай-ақ Францияның мықты университеттерін тарта отырып, аймақтық университеттер жанынан ғылыми-зерттеу бөлімдерін ашу мүмкіндігін талқылайтын боламыз. Франция университеттерінің делегациясы келді, бүгін Алматыда үш күн бойы өтетін Қазақстан-Франция ректорларының форумы басталады», деп қосты министр.

Бөлісу:
Елімізде қазақ-француз университеті ашылады · Egemen Qazaqstan