Саясат
1 мин оқу 150

Комиссия отырысы өтті

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республика&shy;сының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.</p>

Комиссия отырысы өтті

Отырыста азаматтық туралы бірқатар мә­селе қаралды. Сонымен қатар комиссия қыз­­метінің негізгі бағыттары бойынша Қа­зақ­стан Республикасы Президентінің құқық­тық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ер­жан Жиенбаевтың, Ішкі істер министрі Ер­жан Сәденовтің және тиісті мемлекеттік орган­дар атқарған жұмыстар туралы өзге де ла­уазымды тұлғалардың есебі тыңдалды.

Сонымен қатар комиссия төрағасы Қазақстан азаматтығынан шыққысы келетін тұлғалардың саны кейінгі 4 жылда 15 есеге төмендегенін айтып, мұны оң үрдіс ретінде бағалады. Нақты айтқанда, 2019 жылы мұндай адамдардың саны 1,7 мың, 2020 жылы – 0,9 мың болса, 2021 жылы – 123, ал 2022 жылы 114 адам болған.

Комиссия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, нақты ұсынымдар әзірленді.

Бөлісу: