Қоғам
1 мин оқу 220

Астанада жолаушылар мінген автобус қызылдан өтіп, әйелді қағып кетті

<p>Астанада жолаушылар автобусы қызылдан өтіп, әйелді қағып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

City Transportation Systems көлік компаниясы мен қалалық полиция департаменті оқиғаға түсінік берді.

CTS мәліметінше, 2 қараша күні сағат 15:49-да Абылай хан даңғылы – Жансүгіров көшесінің қиылысында №33 автобустың жүргізушісі өз бағыты бойынша келе жатып, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

"Жаяу жүргінші №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Автобустың жылдамдығы сағатына 20 шақырым болған.

Жүргізуші жол ережесін бұзбаған, апат болмаған. Жұмыс тәжірибесі 6 жылдан асады. Сапар алдында 05:30-да медициналық тексеруден өткен. Демалыстан кейін бүгін жұмысқа шыққан", - деді көлік компаниясы.

Алайда Астана полиция департаменті басқа ақпарат таратты. Олардың мәліметінше, әйел бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өтіп бара жатқан. Астаналық полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Астанада жолаушылар мінген автобус қызылдан өтіп, әйелді қағып кетті · Egemen Qazaqstan