Президент
1 мин оқу 380

Түркі мемлекеттері саммиті: 12 құжат бекітілді

<p style="text-align: justify;">Астана қаласында өткен&nbsp; Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде 12 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Түркі мемлекеттері саммиті: 12 құжат бекітілді

Атап айтқанда елорда төрінде:

  1. Астана Актісі;
  2. Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы;
  3. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
  4. Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
  5. Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;
  6. Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
  7. Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;
  8. 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;
  9. Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;
  10. «Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені» әзірлеу туралы шешім;
  11. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
  12. Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы) сынды құжаттар қабылданды.
Бөлісу:
Түркі мемлекеттері саммиті: 12 құжат бекітілді · Egemen Qazaqstan