Теннис
1 мин оқу 135

Жібек – ITF турнирінің жеңімпазы

<p style="text-align: justify;">Жібек Құламбаева жұп&shy;тық сында Тунистің Монас&shy;тир қаласында өткен ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды</p>

Жібек – ITF турнирінің жеңімпазы

Жерлесіміз қытайлық тен­нисші Гао Синьюймен бірге финалда Алена Фалей (Беларусь) – Полина Яценкомен (Ресей) шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақ­стандық-қытай­лық дуэт қарсы­лас­тарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Екінші сетте қарсылас жұп есе қайырды – 6:2. Супер тай-брейкте Ж.Құламбаева мен Г.Синьюй жеңісті жұлып алды – 10:7.

Осылайша, Ж.Құламбаева осы маусымда ITF жұптық ойынында жетінші және өз мансабындағы жалпы есепте 26-титулын жеңіп алды.

Бөлісу:
Жібек – ITF турнирінің жеңімпазы · Egemen Qazaqstan