Қазақстан
3 мин оқу 431

Цифрлы бәсекелестік

<p style="text-align: justify;">Цифрландыру саласында еліміз көрші мемлекеттермен ғана емес, Еуропаның бірқатар елімен лайықты бәсекелес болып отыр. Кейбір көрсеткіштер бойынша Португалия, Италия, Словения, Мажарстан, Польша елдерінің алдына түсті.</p>

Цифрлы бәсекелестік

2022 жылы IMD цифр­лық бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде еліміз 63 мемлекеттің арасында 36-орынды иеленді. Айта кету керек, ТМД және Орталық Азия елдерінен рейтингке Қазақстан ғана еніп отыр. Сонымен қатар біздің ел Еуропа мен Азияның бірқа­тар елінен алда тұр. Мысалы, Португалия, Италия, Мажар­стан, Хорватия, Үндістан, Польша, Румыния, Бразилия, Түркия бізден кейінгі қатар­да ор­наласқан. Мұндай баға цифр­ландыру саласындағы елдің жо­ғары даму дәрежесін ха­лық­аралық институт та растап отырғанын көрсетеді.

IMD World Digital Com­petitiveness Ranking рей­тин­гі таңдалған 63 ел­дің биз­нес­тегі, үкіметтегі және жалпы қо­ғамдағы эконо­ми­калық өз­герістердің негізгі фак­то­ры ретінде цифрлы тех­но­ло­гияларды енгізу және пай­далану қабілеті мен да­йын­дығын сараптайды. Зерт­теуге сәйкес WDC рей­тинг әдіс­те­месі ­цифрлы бә­секеге қа­­бі­леттілікті үш негіз­гі фак­­тор – білім, техноло­гия, мемле­кет­тің бола­шақ­қа да­йындығы бойынша анық­тайды.

Ал рейтинг бойынша цифр­ландыру саласындағы ең дамыған елдер қатарына Дания, АҚШ, Швеция, Син­гапур, Швейцария, Нидер­ланд, Финляндия, Оңтүстік Корея, Гонконг, Канада кіреді.

Кейінгі жылдары еліміз де цифрландыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Үкімет цифрлық экономиканың да­муын жеделдетіп, өмір мен өнеркәсіптің барлық сала­сына заманауи техноло­гия­ларды белсенді түрде енгі­зіп жатыр. Мәселен, құ­ры­лыс саласын алайық. Бұл сала – цифрландыруға қиын салалардың бірі. Алайда бұ­дан шет қалып жатқан біз жоқпыз. Айталық, бір ғана «BI Group» компаниясының өзі айтарлықтай нәтиже көр­сетті. Құрылыс компаниясы прог­рессивті стандарттарды енгізе отырып, жылжымай­тын мүлік пен құрылыс сала­сындағы өнімдер мен қызмет­тердің сапасын арттырудың қозғаушы күшіне айналды. Көптеген қызмет big App мо­бильді қолданбасында қол­жетімді. Қолданба компания клиенттеріне жылжымайтын мүлікті іздеуден бастап тұрудың жайлылығын арт­тыруға дейінгі онлайн қыз­­меттерді ұсынады. Сон­дай-ақ сатылымдар мен жар­намалардың басталғаны тура­лы, тұрғын үйлер туралы жә­не тағы да басқа ақпараттар бе­ретін жаңалықтар лентасы бар. Бұған қоса қажетті құ­жат­тар өтінім бөлімінде қол­жетімді. Тұрғын үй мен пәтер қыз­меттеріне өті­нім беру, ком­муналдық қыз­мет­терге ақы төлеу, онлайн дауыс беру, тұр­ғын үй шығыстары туралы есептердің бәрі онлайн.

Цифрландыруды қолда­ныс­қа кеңінен енгізген сала­ның бірі – банк секторы. Бұл – елдегі ең озық әрі ба­рынша цифрландырылған са­ланың бірі. Ірі банктер цифрлы платформаларды, он­­лайн-банкингті және мо­бильді қосымшаларды бел­сен­ді түрде енгізіп жатыр. Бұл қаржы операцияларын мүмкіндігінше қолжетімді әрі клиенттерге ыңғайлы етеді. SimilarWeb порталының мәлі­метінше, HalykBank, Kaspi.kz, B-Bank («Береке» банкі) қо­сымшалары еліміздегі үздік банк қосымшалары саналады.

Электронды үкіметіміз де цифрландырудың игілігін жал­пақ жұртқа ұсынып отыр. Электронды үкімет – ақ­па­раттық технологиялар кө­ме­гімен мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өз­ара әрекеттестіктің қам­тама­сыз ететін бірыңғай платформа. Елімізде egov электронды үкіметі қарқынды дамып келеді. Оның көмегімен азаматтар мемлекеттік қыз­меттерді онлайн ала алады. Айта кету керек, 2022 жы­лы Қазақстан БҰҰ мони­торингіне енгізілген 193 ел­дің арасында электронды үкі­меттің даму деңгейі бойын­ша 28-орынды иеленді. Бұл – ТМД мен Орталық Азия елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Жеткізу қызметі де цифр­лық жол түсті. Елімізде ке­йінгі жылдары қарқынды да­мыған салалардың бірі дәл осы жеткізу қызметі еке­ні даусыз. Оның дамуына біріншіден, кәсіпорындардың тех­нологиялық жабдық­та­луы мен цифрлық мүмкін­дік­терінің артуы, екінші­ден, пандемия кезін­дегі онлайн жеткізу сұранысы­­ның жоғарылауы себеп болды. Сондай-ақ бұл қызмет мың­даған жұмыс орнын құру ар­қылы жұмыспен қамтуға оң әсер етті. 

Бөлісу:
Цифрлы бәсекелестік · Egemen Qazaqstan