Театр
1 мин оқу 153

Оманнан олжалы оралды

<p style="text-align: justify;">Сәкен Сейфуллин атындағы театрдың қуыршақ труппасы Оман елінен олжалы оралды. Халықаралық қуыршақ фестивалі Маскат қаласында өтті. Онда қарағандылық өнер ұжымы &laquo;Қарлығаштың құйрығы неге айыр?&raquo; атты халық ертегісін сахналады. Сөйтіп, &laquo;Үздік сахналық костюм үшін&raquo; аталымы бойынша жеңімпаз атанды.</p>

Оманнан олжалы оралды

Сәкен театрының жанынан үш ай бұрын ғана құрылған қуыршақ труппасы әлем елдерінен өтінім жіберген 200-ге тарта өнер ұжымының арасынан іріктелген 30 театрдың қатарында болған.

Әртістер әрқайсысы сахнада бір емес, үш қуыршаққа жан бітіріп, үш рөлді сомдап шықты. Ал спектакль­дегі 11 қуыршақты режиссер Айдын Салбанның жетекшілігімен театр ұжы­мы жасаған.

впр

Бұл қуыршақ труппасы Оманнан олжалы оралмас бұрын Алматыда өткен «Almaty Puppet Festival» халықаралық фестивалінде де «Қарлығаштың құй­рығы неге айыр?» ертегісін сахналап, «Үздік сценография үшін» жүлдесін еншілеген еді.

Қазан айының басында Жетісу тө­рінде аты аңызға айналған актриса Бикен Римованың 100 жылдығына арналған BIKEN-l халықаралық театр­ фестивалінде О.Бөкейдің «Атау кере» драмасын қойып, «Үздік режиссура» жүлдесін қанжығалағанын да айтып өтуіміз керек. Мұның да қою­шы-режиссері – Айдын Салбан.

Талдықорғаннан кейін Қызыл­жар­да белгілі мемлекет және қоғам қай­раткері Т.Жүргеновтің 125 жылдығына арналған Қазақстан театр­ларының фестивалінде де «Үздік сценография» аталымына лайық деп танылды.

Астанаға гастрольмен барып, ел­ордалық көрерменге «Ұлтқа қыз­мет», «Текебұрқақ», «Айналайын», «Атау кере» спектакльдерін көрсетті.

Қарағандының өнер ұжымы рес­публикалық деңгейде ғана емес, ха­лықаралық сахналарда да сәтті өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықы­ла­сына бөленіп, сыншылардың жоғары бағасын алып жүр.

Қарағанды облысы 

Бөлісу:
Оманнан олжалы оралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар