Жарнама
 
Теңге
1 мин оқу 365

Коллекциялық монеталар айналымға түседі

<p style="text-align: justify;">Таяуда Ұлттық банк &laquo;Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар&raquo; монеталар сериясы аясында &laquo;Teńgege 30 jyl&raquo; коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.</p>

Коллекциялық монеталар айналымға түседі

Биыл 15 қараша күні төл валюта­мызға 30 жыл толады. Әр елдің ұлттық валютасы – тәуелсіздік пен егемендіктің белгісі, мемлекеттегі ақша жүйесінің негізі.

«Teńgege 30 jyl» коллекциялық монеталары күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, өн бойында тантал металл да бар. Монета диаметрі – 50 мм, дайын­дау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңге­лік, таралымы – 300 (үш жүз) дана. Моне­таның жалпы массасы – 84,32 грамм.

«Teńgege 30 jyl» монетасының дизайны цифрлық технологияларды дамыту тұр­­ғы­сынан «₸» теңге белгісін пайда­лану­ға не­гіз­делген. Белгінің сол жа­ғын­дағы ою-өрнек даму мен өркендеуді, сон­дай-ақ ұлттық болмыс пен нақышты білдіреді.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Теңге сарайында дайындалды.

Бұл монеталар Қазақстан Рес­пуб­ликасының бүкіл аума­ғын­да өздерінің белгілен­ген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкін­де банк шот­тарына есепке алы­нуға, аударуға, ұсақ­талуға және айырбасталуға жатады.

Пайдаланушы үшін «Қазақ­стан монеталары» мобильді қосымшасы да жұмыс істейді. Онда монеталарға қысқаша сипаттама беріліп, сериялар бойынша тақырыптық бөлімдерге бөлінген. Яғни Ұлттық банк шығаратын монеталар туралы ақпаратпен толықтай қам­тылған. Жекелеген монеталар бойынша бейнероликтерге, монеталардың 3D-суреттеріне, сондай-ақ толықтырылған шынайылық элементтеріне де сілтемелер берілген.

Монеталардың сатуға шыға­ры­ла­тын күні Ұлттық банктің ресми сайтында және әлеуметтік желілер­дегі парақ­шаларында қосымша хабарланады. 

Бөлісу:
Коллекциялық монеталар айналымға түседі · Egemen Qazaqstan