Пікір
1 мин оқу 190

Жылдар айқындаған серіктестік

<p style="text-align: justify;">Ресей &ndash; Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктесі. Бұл байланысты ондаған жыл бойғы жемісті ынтымақтастық растайды. Халық тілімен айтқанда, патша заманынан бері қазақ пен орыс көрші болып келеді. Одан кейін де арамыз ажыраған жоқ.</p>

Жылдар айқындаған серіктестік

Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап, екі мемлекет көш­бас­шыларының, Заң шығарушы органдары мен үкіметтерінің, бизнес қоғамдастықтарының арасында табысты, ашық байла­ныс орнады. Ол үшін қос ел әрқа­шан екіжақты өзара іс-қимылды ны­ғайту бойынша барлық мүмкін болатын дипломатиялық, саяси қадамдар жасады және қабылдады.

Сындарлы саясат және өзара тиімді нәтижеге ұмтылыс – Қазақ­стан мен Ресей диалогінің негізгі ерекшелігі. Арамызда әлем­дегі ең ұзын құрлықтық шекара жатыр. Десек те барлық дең­гейде заң­намалық және іс жүзін­де екі­жақты қатынастар бекіді, халық­аралық бастамалар­ды жария қолдау қамтамасыз етіл­ді, инте­грациялық үдерістер бір­тіндеп дамып келе жатыр.

Бір жағынан Ресей Қазақс­танның ірі сауда-эконо­ми­калық серіктесі болған­дықтан, екіжақты тауар айналымы жыл сайын тарихи рекордты жаңартып келеді. Былтырдың өзінде тауар айналымы 28 миллиард долларды құрады.

Мұнай-газ саласындағы ынты­мақтастық та өте белсенді даму үстінде. Ресей мұнайын көрші елдерге, сондай-ақ газды Қазақстан аумағы арқылы транзиттеу жөнін­дегі уағдаластықтар да энерге­тика­дағы өзара іс-қимылды сапалы жаңа деңгейге көтерді.

Әсем РАХМЕТОВА,

Сенат депутаты 

Бөлісу:
Жылдар айқындаған серіктестік · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар