Кәсіпкерлердің көлігін тартып алған бопсалаушы топ ұсталды
<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласында кәсіпкерлерді бопсалау тәсілімен қорқытып көліктерін тартып алған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p> <p> </p>

Мегаполистің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, екі кәсіпкерді қорқыту жолымен BMW және ВА3-2114 автокөліктерін тартып алған. «Топ мүшелері 20-40 жас аралығындағы азаматтар. Олардың басым бөлігі бұрын соңды бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ұсталғандар ұзақ уақыт бойы жергілікті екі кәсіпкерден қоқан-лоқы көрсету және күш қолдану арқылы ақша бопсалағаны» жазылған ақпаратта.
Арнайы операция кезінде полицияға 10 адам жеткізіліп, топтың белсенді мүшесі саналған 4 күдікті қамауға алынды. Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
