Президент
1 мин оқу 300

Өңірлік әскердің қолбасшылары тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың&nbsp;өкімдерімен &laquo;Оңтүстік&raquo; және&nbsp; &laquo;Шығыс&raquo; өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің&nbsp;қолбасшылары тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Өңірлік әскердің қолбасшылары тағайындалды

«Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды;

Жеңіс Мұхамедқалиұлы Маралов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», делінген ақпаратта.

Сондай-ақ Президенттің өкімімен Мереке Мәтімұлы Көшекбаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Бөлісу:
Өңірлік әскердің қолбасшылары тағайындалды · Egemen Qazaqstan