Саясат
1 мин оқу 140

Ұйым өкілдерімен кездесті

<p style="text-align: justify;">Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен кездесіп, келіссөз жүргізді.</p>

Ұйым өкілдерімен кездесті

Сондай-ақ кездесуге Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробарт пен ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі кеңсесінің директоры Юрген Хейссель қатысты.

Әңгімелесу барысында тараптар масс-медиа саласындағы заңнаманы жетілдіру және Қазақстанда бұқа­ралық ақпарат құралдарын дамыту бағытындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Бөлісу:
Ұйым өкілдерімен кездесті · Egemen Qazaqstan