Спорт
1 мин оқу 230

Пенчак-силат: Ұлттық құрама 11 медаль жеңіп алды

<p style="text-align: justify;">Дубай (БАӘ) қаласында ересектер арасында пенчак-силаттан VII Азия чемпионаты және Таяу Шығыстың I ашық чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

17 елден 400-ден астам спортшы қатысқан Азия чемпионатында еліміздің намысын 19 спортшы қорғап, нәтижесінде 11 медаль жеңіп алды. Нақты айтқанда, 1 алтын, 3 күміс, 7 қолаға қол жеткізді. Сондай-ақ Таяу Шығыстың I ашық чемпионатында 25 отандасымыз сайысып, 8 алтын, 10 күміс, 9 қола, барлығы 27 медаль еншіледі.

Пенчак-силат – индонезиялық және малайзиялық жекпе-жек өнерінің жалпы атауы.

Қазақстан Республикасы Пенчак-силат қауымдастығының 12 облыстық және қалалық федерацияларында 3200-ден астам адам аталған спортпен шұғылданады.

Бөлісу:
Пенчак-силат: Ұлттық құрама 11 медаль жеңіп алды · Egemen Qazaqstan