Футбол
1 мин оқу 190

Жарыс кестесі жарияланды

<p style="text-align: justify;">29 қараша мен 2 желтоқсан аралы&shy;ғында Косовоның астанасы &ndash; Приш&shy;тинада футзалдан УЕФА Чем&shy;пиондар лигасының элиталық кезеңінің ойындары өтеді.</p>

Жарыс кестесі жарияланды

Кеше жарыс кестесі жарияланды. В тобында өнер көрсететін Алматының «Қайраты» тұсаукесер кездесуін 29 қарашада жергілікті «Приштинаға» қарсы өткізеді. Келесі күні Португалияның «Бенфика» клубымен күш сынасады. Соңғы матчта Словенияның «Добовецімен» шеберлік байқасамыз. Осылар­дың арасындағы ең азулысы «Бенфика» екені даусыз. 2001 жылы Пиреней түбегінде жасақталған команда ел біріншілігі, ел кубогі және суперкубоктің әрқайсысын сегіз реттен олжалады. 2009/2010 жылғы маусымда Чемпиондар лигасында қарсылас шыдатпады.

Ал «Приштина» мен «Добовец» өз мемлекеттерінің маңдайалды командалары саналғанымен, халықаралық аренада олар ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткішке қол жеткізе алған жоқ.

Бөлісу:
Жарыс кестесі жарияланды · Egemen Qazaqstan