Оқиға
1 мин оқу 270
Алматыда қойма өртеніп жатыр
<p style="text-align: justify;">Алматыда Түрксіб ауданы, Бекмаханов көшесі, 2/16 үй мекенжайы бойынша орналасқан жиһаз қоймасы өртеніп жатыр, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.</p>
Қазір Алматы ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежелі өртті сөндіріп жатыр.
«Алдын ала мәлімет бойынша, қойма өртке оранған. Көрші қойма үй-жайларын қорғау және өртті сөндіру үшін өрт саптамалары орнатылды, өрт гидранттарына цистерналар орнатылды. Өрт сөндіруге арналған екі аймақ құрылды. Өрттің қоймада сақталған ағашқа таралуына жол берілмеді», делінген департамент хабарламасында.
Бөлісу:
