Әлем
1 мин оқу 300

АҚШ-та алғаш рет тікұшақ такси ұшты

<p style="text-align: justify;">Тікұшақ таксиді&nbsp;&laquo;Джоби Авиэйшн&raquo; компаниясы құрастырған.&nbsp;Электр қуатымен жұмыс істейтін әуе таксиі Нью-Йорктің Манхэттен ауданындағы тікұшақ алаңында сынақтан өтті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.</p>

Joby Aviation компаниясының негізін қалаушы Джобен Бевирттің айтуынша әуе таксиіне ұшқыш пен 4 жолаушы сыяды. Тікұшақ такси сағатына 200 миль жылдамдықпен ұшады. Бұл Манхэттеннен Кеннеди әуежайына 7 минутта жетуге болатын көрсеткіш.

Осыған байланысты Нью-Йоркте әуе таксиін ұшыратын алаңдарды да жетілдіру жоспарланған.

Joby Aviation компаниясы АҚШ-тың Азаматтық авиация федералдық басқармасынан ұшу сынақтарын жүргізуге рұқсат куәлігін алған. Ал компания әуе таксиі қызметін ресми түрде 2025 жылдан бастап ұсынуды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
АҚШ-та алғаш рет тікұшақ такси ұшты · Egemen Qazaqstan