Сенат
1 мин оқу 123

Бюджет туралы заң жобасы қаралады

<p style="text-align: justify;">Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен жиында депутаттар 23 қарашада болатын Палата отырысының күн тәртібін бекітті.</p>

Бюджет туралы заң жобасы қаралады

Соған сәйкес бейсенбі күні өтетін отырыста сенаторлар «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Респуб­ликасының Ұлттық қорынан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңдарды қарайды.

Алдағы жылдарға арнал­ған бюджет макроэкономика­лық тұрақтылыққа, бюджеттік шығыстарды ұтымды етуге, мемлекеттік қаржының тұ­рақтылығына, банк секторын нығайтуға, сондай-ақ елде қолайлы кәсіпкерлік және инвестициялық орта құруға бағытталған. Сонымен қатар Бюро отырысында Парла­мент Мәжілісінен келіп түс­кен заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.

Бөлісу:
Бюджет туралы заң жобасы қаралады · Egemen Qazaqstan