Зерде
1 мин оқу 794

Жас өнертапқыш Тәуке ханның портретін сөйлетті

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысына қарасты Хромтау қаласының №3 орта мектептің алтыншы сынып оқушысы Жомарт Азаматұлы ойлап тапқан құрылғысы арқылы Тәуке ханның портретін сөйлетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Портреттің ерекшелігі − Тәуке хан кезеңінде Қазақ хандығында қабылданған «Жеті жарғы» заңын баяндап, әңгімелейді.

Оқу-ағарту ведомствосының баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқушы портретті жасауда түрлі қажетті техникалық құралдар мен аудиотаспаларды пайдаланған, әзірлеуге бір жыл уақыты кеткен. Портрет mp3-құрылғысымен, сенсорлы өшіру түймелерімен және 12 В қуат көзімен жабдықталған.

Жас өнертапқыш алдағы уақытта ақын-жазушылардың және өзге де тарихи тұлғалардың портреттерін сөйлету арқылы өскелең ұрпаққа халық тарихын кеңінен насихаттауды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Жас өнертапқыш Тәуке ханның портретін сөйлетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар