Қоғам
1 мин оқу 321
3,6 миллиард теңге үптеген күдікті үш жылдан кейін Грузияда ұсталды
<p style="text-align: justify;">2020 жылдан бері халықаралық іздеу жарияланған күдікті Грузия мемлекетінде қолға түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Бас прокуратура үйлестіріп, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен тізе қосып, Грузия мемлекетінде бой тасалап жүрген күдікті ұсталды. Оған 2020 жылдың наурыз айында халықаралық іздеу жаряланған болатын. Күдікті қаржы пирамидасын құрып, 3 миллиард 600 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған. 600-ден аса жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қашқынды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Бөлісу:
