Өнер
2 мин оқу 190

Тәлімді кеш

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кеңес Жұмабеков 75 жасын сахна төрінде қарсы алды. Сәкен театрында белорус драматургі Алексей Дудараевтың &laquo;Кеш&raquo; қойылымын сахналады.</p>

Тәлімді кеш

Бұл қойылымның өзгешелігі сол, бас-аяғы үш кейіпкер сом­дайды. Үшеуі де – театр өне­рінің ірі өкілдері. Басты рөлде – Кеңес Жұ­мабеков. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Керей хан» аталып кеткен Қайрат Кемалов пен дарынды актриса Нұржібек Жансүгірова – сахнада. Осы бір мезетте премьераға келгендер де­мін ішке тартты.

Спектакль соғыс сойқа­ны­нан кейін шалғайдағы ауылда қалған үш қарияның өмірін баяндайды. Үшеуі де тағдырдың түрлі тауқыметін тартып-ақ баққан. Аштықты да, соғысты да көрген. Ең сорақысы сол, үшеуі де балаларына керексіз бо­лып қалған. Іздеп қалар деген жалған үмітпен күні бойы жол­ға жәутеңдейді. Алайда, жоқ...

Василий ақсақал (Кеңес Жұ­мабеков) «Балам әлгі геолог дей ме, бірдеме болып жұмыс істейді. Жердің үстінде әкесі жүргенде, астындағы бай­лықты неменесіне іздейді?», деп күйінген кезде көрермен таңдай қақты.

Қысқасы, кейіпкерлер жа­рық әлемнің махаббат мұңы, сағы­ныш шері, тасбауырлық тауқыметі жөнінде ой қозғайды.

– Бұл – тағдыры трагедияға айналған бейбақтар туралы спектакль. Балаларына керексіз болып қалған қариялардың мұң-зарын көреміз. Қазір қараусыз қалған қариялар көп. Қарттар үйіне барыңыз. Жүрегіңіз ауырады. Жастар осы қойылымнан тағылым алса деген тілегім бар. Аналар, әкелер жыламасын. Мына спектакль жоғары дең­гейде өтті. Жақсы әсер алдым. Ак­­терлер осы қойылымды жү­рек­пен, ыстық сезіммен ойнады, – дейді Қазақстанның ең­бек сі­ңір­ген қайраткері Болат Ұза­қов.

Өз кезегінде кеш иесі де көрермендерімен қауышқанына риза болып, алғыс жаудырып, бас иді.

«Мерейтойыма осындай сый жасап жатыр. Қуаны­шымда кө­рерменіммен қауыш­қаныма ра­зы­мын. Баршаңызға алғысым шек­сіз. Шамамыз жет­кенше қа­­сиетті өнерге адал болуға ты­­ры­­самын», деді Кеңес Жұ­ма­­беков.

Қарағанды облысы 

Бөлісу:
Тәлімді кеш · Egemen Qazaqstan