Футбол
1 мин оқу 280

Жақын арада ешқандай клубты басқармаймын - Магомед Адиев

<p style="text-align: justify;">Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев жақын арада &laquo;Ақтөбе&raquo; клубын басқаратыны туралы қауесеттерді жоққа шығарды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Достар, жанкүйерлер, маған «Ақтөбе» футбол клубын басқаратыныма қатысты көптеген сұрақтар түсіп жатыр. Бірақ менің басты мақсатым мен міндетім – Қазақстан ұлттық құрамасын наурыз айында өтетін ойындарға дайындау. Мен қазір осыған ғана көңіл бөліп жүрмін.  Менің арманым – 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатына жету және оған қатысу. Осыған орай, құрметті достар мен жанкүйерлер, мен жақын арада ешқандай футбол клубын басқаруды жоспарлап отырған жоқпын», деп жазды Әдиев әлеуметтік желіде.

з

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан плей-офф кезеңінде ойнайды, онда командалар Ұлттар лигасының қорытындысы бойынша іріктеуден өтеді. Жартылай финалда Магомед Адиев шәкірттері Грекиямен кездесіп, жеңіске жетсе, Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен ойнайды. Егер құрама сырт алаңда екі ойында да жеңіске жетсе, Еуро-2024 финалына жолдама алады.

Бөлісу: