«50 cent»-тің концертіне жалған билет сатқан алаяқ ұсталды
<p style="text-align: justify;">Алматыда «50 cent»-тің концертіне жалған билеттерді сатқан 18 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Алматыда 18 жастағы Л. есімді азамат билет сататын компанияның ресми өкілінің атын жамыла отырып, Instagram арқылы билет алуға өтініштерді қабылдаған. Сондай-ақ әлеуметтік желіде ауқымды жарнамаға SMM менеджерін жалдаған.
Алматы қалалық криминалдық полиция басқармасы күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
«Қазіргі таңда Алмалы аудандық полиция басқармасында алданған азаматтардың арыздары негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жас жігіт «50 cent»-тің концертіне жалған билеттерді сатқан. Алаяқтың басқа да құрбандарын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр», деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.



