Алматыдағы өрттің шығу себебін тексеретін арнайы комиссия құрылды
<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде болған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
«Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссия төрағасы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды.
Үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетеді», делінген Үкімет таратқан хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза болғанын хабарладық.