Оқиға • 30 Қараша, 2023

Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза болды

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 30 қараша күні сағат 05:33-те Әди Шәріпов  көшесінде орналасқан хостел өртеніп, 13 адам қаза болды, деп жазады Egemen.kz

Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза болды

Бірінші өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде келген. Өрт толық 6:22-де оқшауланған.

«Келген бойда 1 қабаты және жертөлесі жатақханаға айналған 3 қабатты тұрғын үйдің жанып жатқаны анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша өрттің жалпы ауданы – 25 шаршы метр», деп хабарлады департамент.

Өрт болған хостелде 72 адам болыпты, өртті барлау және сөндіру барысында 13 адамның мәйіті табылды. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр. Олар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болған. 

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы өрттен зардап шеккен екі адамға алғашқы көмек көрсеткен. Басқарманың мәліметіне сәйкес, науқастың біріне көмірқышқыл газына улану диагнозы қойылды.

«Оның жағдайы орташа ауыр, тұрақты деп бағаланып отыр. Екінші науқас барлық тексеруден кейін ұсыныстармен амбулаторлық емделуге жіберілді», деп хабарлады ведомстводан.

Өрт болған аймақтан 59 адам өз бетінше шыққан, олар қазір эвакуацияланып, 56-сы жақын маңдағы мектепке орналастырылған.

 Өртті сөндіруге қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 46 қызметкері мен 14 техника жұмылдырылған.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50